ҚР Ішкі істер министрлігі түркиялық әріптестерімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында 2021 жылдан бері іздеуде жүрген 46 жастағы қазақстандық әйел Анталия қаласында ұстады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу мәліметінше, күдікті 2018-2020 жылдар аралығында сыбайластарымен бірге әрекет етіп, сенімге кіру арқылы еліміздің 1300-ден астам азаматының 6 миллиард теңгеден астам қаражатын иемденген.
26 маусымда іздеуде жүрген әйел Түркия Республикасынан Қазақстан Республикасына депортацияланды.
Оны елге жеткізуге Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Түркия Республикасындағы өкілі мен Қазақстанның Бас консулдығы елеулі қолдау көрсетті.
Жыл басынан бері ішкі істер органдарының қызметкерлері алаяқтық қылмыстарын жасаған 117 қылмыскерді ұстаған. Олардың келтірген жалпы материалдық шығыны 17 миллиард теңгеден асады.