2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жалға берілетін электрсамокаттарды пайдалану қағидалары өзгерді. Енді әрбір кикшеринг самокатына тіркеу нөмірі беріледі, ал пайдаланушылар міндетті сақтандыру полисін рәсімдеуі тиіс, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Жаңа талаптарға сәйкес, тіркеу нөмірінің арқасында жол қозғалысы ережесін бұзған электрсамокаттар бейнебақылау камералары арқылы анықталады.
Сонымен қатар кикшеринг компанияларына да бірқатар міндет жүктелді. Олар:
Министрліктің мәліметінше, жүргізуші куәлігі жоқ азаматтар электрсамокатпен автокөлік жүретін жолдың жиегімен қозғала алмайды. Мұны кикшеринг сервистері де бақылауы тиіс.
Электрсамокаттар негізінен велосипед жолағымен немесе велосипед жолымен жүруі керек. Егер ондай жол болмаса, жолдың оң жақ шетімен, жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруге рұқсат етіледі.
Алайда тротуарда жүрген кезде жылдамдық сағатына 6 шақырымнан аспауы тиіс.
Ал 2026 жылдың 25 тамызынан бастап электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне толық тыйым салынады.
Жолдың жиегімен жүруге тек:
Бұдан бөлек, электрсамокатпен жолаушы немесе жүк тасымалдауға, жаяу жүргіншілер өткелінен самокаттан түспей өтуге, сондай-ақ түнгі уақытта жарық қайтаратын элементтерсіз автожолмен жүруге тыйым салынады.
ІІМ азаматтарды жаңа талаптарды қатаң сақтауға шақырып, жолдағы қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігінен басталатынын еске салды.