homepage
Фото: pixabay.com

"Қазақмыс" шахтасында жұмысшы қаза болды

21.01.2025, 10:14

Шығыс Жезқазған шахтасының Анненск кенішінде ұнтақтаушы болып жұмыс ітсейтін жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы “Қазақмыс” компаниялар тобының баспасөз қызметі хабарлады.

“Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты”, - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды

“Қазақмыс” басшылығы мен ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына ұжымдық шартта көзделген төлемдер мен жерлеу шығынын қоса алғанда, барлық қажетті көмекті көрсетуге уәде берді.