homepage
Fotolia/Ded Pixto

Абай облысында заңсыз алтын өндіргендер әшкереленді

29.06.2026, 11:52

Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Жарма ауданында заңсыз бағалы металл өндірумен айналысқан топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Ведомствоның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз барлау және алтын өндіру жұмыстары жүргізілген үш орын анықталған.

Заңсыз қазба жұмыстарының салдарынан жердің құнарлы қабаты бүлініп, топыраққа айтарлықтай зиян келген.

Тексеру кезінде алтын түстес металл, кенді байытуға арналған жуу қондырғысы, арнайы техника мен автокөліктер тәркіленді.

Қазір құқық қорғау органдары заңсыз өндіруге қатысы бар барлық тұлғаларды анықтап жатыр. Сонымен қатар заңсыз өндірілген бағалы металдың көлемі мен мемлекетке келтірілген залал мөлшері есептелуде.

Аталған факті бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.