homepage
фото: ашық дереккөз

Ұзаққа созылмаған ымыра: АҚШ пен Иран қайта қақтығысты

Бүгін, 12:20

АҚШ пен Иран арасындағы ымыра ұзаққа созылмады. Бес күн бұрын ғана 60 күндік бітімгершілік келісіміне қол қойған тараптар қақтығысты қайта бастады. 

Бұған дейін Ормуз бұғазында жүк кемесіне Иран дрондарының шабуыл жасағаны хабарланған. Вашингтон бұл әрекетті 60 күндік келісімнің бұзылуы деп бағалап, жауап ретінде әскери операция жүргізді. Ал Тегеран, керісінше, келісімді алғаш бұзған АҚШ деп мәлімдеп отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, әуе күштері Иранның зымырандары мен дрондары сақталған нысандарға, сондай-ақ жағалаудағы радиолокациялық станцияларға соққы берген. Кейін әскери ведомство операцияның ақ-қара бейнежазбасын жариялады.

Өз кезегінде Иран елдің оңтүстігіндегі Сирик ауданындағы айлақ маңына снаряд түскенін хабарлап, жауап ретінде аймақтағы АҚШ-тың әскери нысандарына соққы жасағанын мәлімдеді. 

Еске салайық, 18 маусымға қараған түні АҚШ пен Иран өзара түсіністік туралы меморандумға қашықтан қол қойған болатын. Құжатта барлық бағыттағы атысты тоқтату, оның ішінде Израильдің Ливандағы әскери операциясын доғару, сондай-ақ Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіру мен теңіз блокадасын кезең-кезеңімен алып тастау көзделген.

Теги: