homepage

Маңғыстауда тыйымды елемеген жүргізуші сот залында қамауға алынды

Бүгін, 12:09

Маңғыстауда алкогольдік масаң күйде көлік басқарған және көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші сотталды

Маңғыстау ауданында азамат Н. ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Сот шешімімен 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын.

Белгіленген тыйымға қарамастан, мамыр айының соңында азамат Н. көлік жүргізу құқығынан айырылсада қайтадан көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.

«Маңғыстау аудандық сотының үкімімен азамат Н. Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, сондай-ақ өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сотталушы сот залынан қамауға алынды», - делінген хабарламада.