Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстаннан Ресейге бензин жеткізілуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Ресей тарапынан бізге ресми түрде ешқандай өтініш түскен жоқ. Қайталап айтамын, мұндай ресми сұраныс болған емес», – деді Ерлан Ақкенженов.
Сондай-ақ министр Ресейден ресми өтініш түскен жағдайда бұл мәселе қолданыстағы тәртіпке сәйкес қаралатынын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Ресей Қазақстаннан шамамен 50 мың тонна АИ-92 бензинін сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Мәліметке сәйкес, Мәскеу бұл қадам арқылы ішкі нарықтағы жанармай тапшылығын азайтуды көздейді.