homepage
Ақорда

Президент Тоқаев Венесуэла халқына көңіл айтты

26.06.2026, 08:58

Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан азаматтардың қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты.

«Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін», – делінген жеделхатта.