Атырау облысында 90 жастағы қарияны туыстары қорлап келген. Аталған оқиғаға қатысты зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода қария өзін байлап қойғанын, тамақ пен су бермегенін айтқан. Оның сөзінше, қол-аяғын скотчпен байлап ұстап отырған, кейін қашып шығып, көмек сұраған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл іске қарияның жақын туыстарының бірі қатысы болуы мүмкін. Қазір полиция «Ұрып-соғу» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Тергеуге байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.