homepage
фото: ашық дереккөзден

Ербаян Мұхтардың қазасы: кім жазаланады

25.06.2026, 12:46

Ербаян Мұхтардың өліміне кінәлі тұлғалар тергеу нәтижесінде анықталып, жазаланатын болады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев  мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген ол алдымен марқұмның ата-анасы мен жақындарына Қорғаныс министрлігі атынан көңіл айтты. Оның айтуынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған және жауапкершілік мәселесі тергеу қорытындысынан кейін шешіледі.

«Қазіргі уақытта тексеру жұмыстарын Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, іске әскери прокуратура мен басқа да құзырлы органдар тартылған. Тәртіптік сипаттағы шешімдерді Ұлттық ұлан басшылығы қабылдайды», – деді Шайх-Хасан Жазықбаев.

Министр орынбасары Қорғаныс министрлігі Ербаян Мұхтар ем қабылдап жатқан кезеңде қолдау көрсеткенін және отбасымен байланыста болғанын атап өтті. Оның сөзінше, ведомство тарапынан барлық қажетті көмек берілген.