Венесуэлада магнитудасы 7,5 балдық жер сілкінісінен кемінде 32 адам қаза тауып, 700-ден астамы жараланды. Бұл туралы ел билігі мәлімдеді. Қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.
АҚШ Геологиялық қызметінің дерегінше, бұл соңғы жүз жиырма алты жылда болған ең қуатты жер сілкінісі. Жер асты дүмпулерінің ошағы Каракастан батысқа қарай шамамен 160 шақырым жерде орналасқан.
Елде төтенше жағдай жарияланып, құтқару жұмыстары жалғасуда. Бірқатар мемлекет гуманитарлық көмек пен құтқарушылар жіберуге дайын екенін мәлімдеді.
Венесуэладағы зілзаладан кейін көп ұзамай Жапонияда да магнитудасы 6,9 балдық жер сілкінісі тіркелді.