homepage
фото: Әділбек Тәуекелов

Бас прокурор Асылов: 40 млрд теңгенің ұрланған активтері қайтарылды

24.06.2026, 18:45

Жыл басынан бері Қазақстанға 40 млрд теңгенің ұрланған активтері қайтарылды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Асылов активтерді қайтару және оларды заңды экономикалық айналымға енгізу жұмысына ерекше тоқталды.

«Активтердің 37,7 миллиарды – ақша түрінде, 2,3 миллиарды – мүлік түрінде қайтарылды», – деді Бас прокурор. 

Соның есебінен 39 әлеуметтік нысан салынды. Олардың қатарында Ақтаудағы жедел жәрдем станциясы, Шымкентте студенттерге арналған жатақхана, Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы футбол стадионы бар. Сондай-ақ, қайтарылған қаржы есебінен Балқаш әуежайы қайта жөндеуден өткен.