homepage
фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Құрылтай қарсаңында: «Әділет» 120 мандатқа ие бола ма?

24.06.2026, 18:14

Тура бір аптадан соң Мәжіліс тарқайды. Тарқап қана қоймайды, қос палаталы Парламент тарих қойнауына мәңгілікке кетеді. Алдағы доданың қарсаңында саяси сенсациялар аз болған жоқ. Отыз жыл тарихы бар «Amanat» билік партиясы күні кеше саясат сахнасына тәй-тәй басып шыққан «Әділетке» қосылды. Осылайша, алып саяси күшке айналды. Бірнеше партияның төрағалары ауысты. Алайда, «қуырдақтың көкөсі түйе сойғанда» демекші, саяси сенацияның «көкесі» Құрылтай сайлауында болатын секілді. «Әділет» партиясы Құрылтайда 100-ден 120-ға дейінгі депутаттық орынды иеленіп қалуды көздеп отырған көрінеді. 

Бұл туралы партияның саяси кеңес мүшесі Марат Шибұтов айтыпты. 

«Amanat-тың дайын электорына ортақтасып отыр деген пікір қисынсыз. «Әділеттің» сапында бұрын ешбір саяси ұйымның қатарында болмаған жаңа адамдар жетіп артылады. Бізде бренд бар, танымалдық бар, ресурс бар. Amanat біздің арқамызда «Нұр Отан» деген ауыр жүктен арылады», - депті Шибұтов.

Жаңа Парламенттегі 145 орынның 80 пайызына жуығын Айбек Дәдебай басқаратын жетекші күш иеленсе, өзгелерге орын жетпей қалуы әбден мүмкін. Елімізде ресми тіркелген сегіз партияның үшеуі әзір өз съезін өткізіп үлгерді. 

Шибұтов «Әділет» құрамына «Аманаттың» қосылуы партия тізімінің толық жаңаруына алып келеді деп есептейді. Оның айтуынша, сайлауалды тізімде бұрынғы жүйемен ассоциацияланатын тұлғалар әдейі шектеледі.

«Бағдарлама мен кандидаттар тізімінде ескі саяси жүйені еске салатын есімдердің болмауына басымдық беріледі», — дейді ол.