Алматыда крематорий іске қосылғалы бері алғашқы кремация рәсімі өткізілді. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сілтеме жасаған Centralmedia24 хабарлады.
Ведомствоның дерегінше, кремация бұрын Астанада тұрған марқұм әйелге жасалған.
Жалпы алғанда, Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросына кремация қызметін алу жөнінде 18 өтініш түскен. Сондай-ақ қайтыс болған адамдардың туыстары тарапынан да осындай ниет білдірген өтініштер болған. Алайда олардың ешқайсысы марқұмның кремация жасау туралы еркін растайтын заңды құжаттарды ұсынбаған.
Қазіргі уақытта Алматыда кремация қызметінің құны 240 мың теңге. Бір рәсім шамамен екі сағатқа созылады. Мамандардың айтуынша, пеш толық қуатында жұмыс істеген жағдайда тәулігіне сегіз мәйітке дейін кремация жасауға мүмкіндік бар.
Еске салайық, Қазақстандағы алғашқы крематорий 2026 жылғы 30 сәуірде пайдалануға берілді. Нысан Алматы қаласының Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында, жаңа зираттың жанында орналасқан.