homepage

TikTok АҚШ-тағы жұмысын қайта бастады

Juzmedia. kz
20.01.2025, 14:28

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп TikTok-қа салынған тыйымды алып тастайтынын мәлімдеген соң әлеуметтік желі қызметін қайта бастады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы жексенбі күні X әлеуметтік желісінде жарияланған TikTok-тың ресми хабарламасында айтылды.

Белгілі болғандай, бұл шешім АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың 20 қаңтарға жоспарлаған инаугурациясынан кейін тыйым салуды кейінге қалдыру туралы жарлық шығаратыны туралы мәлімдемесі аясында қабылданған.

“Президент Трампқа 170 миллионнан астам америкалықтарға TikTok-қа кіруді қайта қамтамасыз еткені және 7 млн-нан астам шағын бизнестің өркендеуіне мүмкіндік бергені, және оларғаи еш жазаға ұшырамайтыны туралы кепілдік бергені үшін алғыс айтамыз”, - деп жазды TikTok өкілдері.

Айта кетсек, АҚШ тұрғындары үшін TikTok қосымшасы “Жалғастыру” түймесін басқаннан кейін қалыпты режимде жұмыс істейді. Дегенмен, қосымшаны әлі де Apple App Store дүкенінен жүктеп алу мүмкін емес.

Еске салайық, TikTok желісі жексенбіге қараған түні АҚШ-тағы жұмысын толығымен тоқтатқан болатын. Елде бұл әлеуметтік желіні 170 млн адам қолданады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.