Орал қаласында журналист Лұқпан Ахмедьяров ұсталды. Бұл туралы оның әріптесі Рауль Упоров Facebook әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, Ахмедьяров телефон арқылы хабарласып, өзін полиция тоқтатқанын айтқан.
Упоровтың сөзінше, тәртіп сақшылары журналистің Ресей Ішкі істер министрлігінің сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүргені туралы ақпарат барын айтқан. Сондай-ақ әріптесінің мәліметінше, Ахмедьяров 2025 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу облысының полициясы өзіне қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған. Алайда оның нақты қандай бап бойынша тергеліп жатқанын белгісіз.
Кейінірек оқиғаға қатысты Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, 22 маусым күні патрульдік полиция қызметкерлері Volkswagen автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі болмағаны анықталып, осыған байланысты Лұқпан Ахмедьяров әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция өкілдерінің айтуынша, жүргізушінің сыртқы белгілері күдік тудырғандықтан, ол медициналық куәландырудан өту үшін арнайы мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиғаның өзге мән-жайы нақтыланып жатыр.