homepage
фото: ашық дереккөзден

Тоқаев Брюссельге барады

21.06.2026, 12:57

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 22-23 маусым күндері  Брюссельге ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштаның шақыруымен өтеді. Бағдарлама аясында Қазақстан Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жүргізеді. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқыламақ.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездеседі. Ресми сапар аясында Мемлекет басшысы еуропалық ірі компаниялардың жетекшілері жиналатын «Қазақстан – Еуроодақ» дөңгелек үстеліне де қатысады деп жоспарланып отыр.