Ертең елдің бірқатар өңірінде ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір аймақтарда өрт қаупі күшейеді, деп хабарлайды синоптиктер.
Атап айтқанда, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында аптап ыстық +42 градусқа дейін жетеді. Ал, Ақтөбе, Қостанай және Ұлытау облыстарының кейбір аудандарында ауа температурасы +40...+41 градусты көрсетуі мүмкін.
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді, ал солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Алматы және Жетісу облыстарының жекелеген аумақтарында болжанып отыр.