homepage
фото: olympic.kz

Бокстан әлем кубогы: Санжар Тәшкенбай алтынға таласады

20.06.2026, 18:24

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында қазақстандық Санжар Тәшкенбай финалға жолдама алды. Жартылай финалда Санжар испаниялық қарсыласын сенімді түрде жеңді. Төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен Тәшкенбайдың жеңісін тіркеді.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай Әлем кубогының алтын жүлдесі үшін таласатын болды. Бұған дейін Қазақстан құрамасынан Назым Қызайбай, Виктория Графеева және Абылайхан Жүсіпов финалға шыққан болатын. Бүгін бұл қатарға Айбек Оралбай да қосылды. Ол бразилиялық қарсыласын 3-нші раундта нокдаунға жіберді. Осылайша финалға шыққан қазақстандық боксшылардың саны 5-ке жетті. 

Жарысты Дина Исламбекова мен Валерия Аксенова қола жүлдемен аяқтады.