Кеше кешкісін Ақтөбедегі автогаз құю бекеттерінің бірінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті. Оның екеуі бала, біреуі әйел адам.
Көліктен тек бір ер адам аман шығып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, оның денесінің 40–45 пайызын күйік шалған.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт туралы ақпарат 22:55-те түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды 8 минут ішінде ауыздықтап, оның жанармай бекетінің басқа нысандарына таралуына жол бермеген.
Бұл оқиғаға байланысты автогаз құю станциясының иесі ұсталды. Тергеу «Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу» бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған.