homepage
фото: ашық дереккөзден

ERG зауытында жұмысшы қаза тапты

19.06.2026, 18:39

Қостанай облысының Рудный қаласында орналасқан ERG Service ЖШС-нің жөндеу-механикалық металл прокаты зауытында өндірістік оқиға салдарынан жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Оқиға 19 маусымда болат қорыту цехында болған. Оператор пеште жұмыс істеу кезінде қаза тапқан. 

Компания өкілдері оқиға жөнінде мемлекеттік органдарға хабар берген. Қазір тергеу басталып, оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Компания хабарламада марқұмның отбасына тиісті көмек беруге уәде берген. 

Аталған кәсіпорын Eurasian Resources Group компаниялар тобына қарайды. ERG-дің мәліметінше, 2020-2023 жылдар аралығында оған қарасты кәсіпорындарда 16 адам қаза болған.