АҚШ-та Қазақстан азаматы ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Америкалық құқық қорғау органдары оны терроризммен байланысы болуы мүмкін тұлғалар санатына жатқызатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметінің (ICE) мәліметінше, Еламан Балтагерей есімді азамат 5 маусымда федералдық құрылымдардың қатысуымен қамауға алынған.
Оқиғаға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі хабардар екенін растады.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта жағдайдың барлық мән-жайын анықтау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Аталған жағдайдан Қазақстан Сыртқы істер министрлігі хабардар. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ҚР СІМ.
Министрлік өкілдері ресми ақпараттар түскен сайын қосымша мәліметтер жарияланатынын атап өтті.
Қазіргі таңда қазақстандық дипломаттар аталған оқиға бойынша тиісті органдармен байланыста болып, мән-жайларды нақтылап жатыр.