homepage
ICE

СІМ АҚШ-та Қазақстан азаматының ұсталу дерегі бойынша пікір білдірді

17.06.2026, 16:46

АҚШ-та Қазақстан азаматы ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Америкалық құқық қорғау органдары оны терроризммен байланысы болуы мүмкін тұлғалар санатына жатқызатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz

АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметінің (ICE) мәліметінше, Еламан Балтагерей есімді азамат 5 маусымда федералдық құрылымдардың қатысуымен қамауға алынған.

Оқиғаға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі хабардар екенін растады.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта жағдайдың барлық мән-жайын анықтау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Аталған жағдайдан Қазақстан Сыртқы істер министрлігі хабардар. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ҚР СІМ.

Министрлік өкілдері ресми ақпараттар түскен сайын қосымша мәліметтер жарияланатынын атап өтті.

Қазіргі таңда қазақстандық дипломаттар аталған оқиға бойынша тиісті органдармен байланыста болып, мән-жайларды нақтылап жатыр.