Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен қоғамдық қауіпсіздік мәселесін талқылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Министрдің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда тіркелген қылмыс саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға төмендеген. Сонымен қатар қылмыстарды ашу көрсеткіші артып, бұрын жасалған 1685 қылмыс әшкереленген.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары соттан жасырынған 574 қылмыскерді ұстаған. Олардың 89-ы шетелде анықталған.
Ержан Сәденов Президентке киберқылмыс, есірткі қылмысы, ұйымдасқан қылмыс пен экстремизмге қарсы күрес нәтижелері туралы да баяндады.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, елде «Заң мен тәртіп» қағидатын мүлтіксіз жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.