homepage
Ақорда

Тоқаев Трампты туған күнімен құттықтады

14.06.2026, 10:57

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампке туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ақорданың хабарлауынша, жеделхатта Қазақстанның АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалогтың, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбітшілікті нығайту, өзара түсіністік пен тұрақты дамуды ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Дональд Трампқа зор денсаулық, бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Айта кетейік, Дональд Трамп 1946 жылдың 14 маусымында Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. Ол АҚШ тарихында президенттікке саясаттан тыс, бизнес саласынан келіп, ең танымал тұлғалардың біріне айналды.

Трамп жылжымайтын мүлік бизнесінде табысқа жетіп, кейін «The Apprentice» телешоуының жүргізушісі ретінде кеңінен танылды.

2017 жылы АҚШ-тың 45-президенті болып сайланды, ал 2025 жылы қайтадан Ақ үйге оралып, АҚШ тарихындағы екі мерзімді араға үзіліс салып атқарған санаулы президенттердің қатарына енді.