homepage
olympic.kz

Триатлоннан Азия чемпионаты: қоржында екі алтын

14.06.2026, 09:47

Қытайдың Сюйчжоу қаласында өтіп жатқан триатлоннан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, қоржынға екі алтын медаль салды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Рамазан Айнегов чемпион атанды. Ол суперспринт бағдарламасында 25 минут 49 секунд нәтиже көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті.

Қазақстанға екінші алтын жүлдені Ясмина Бузуртанова сыйлады. 15 жасқа дейінгі қыздар арасындағы бәсекеде ол 30 минут 56 секунд уақыт көрсетіп, қарсыластарынан озық шықты.

14 маусымда құрлықтық біріншілікте эстафеталық жарыстар бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Айта кетейік, биыл қазақстандық триатлоншылар халықаралық жарыстарда бірнеше рет табысты өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында да алтын медаль жеңіп алған болатын.