homepage
Instagram/LenaRybakina

Лондонда чемпионды ұтқан Елена Рыбакина қанша табыс тапты

12.06.2026, 16:59

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан Queen’s Club Championships турнирінің 1/8 финалында неміс теннисшісі Татьяна Марияны (52-орын) жеңді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Осы жеңісінің арқасында Рыбакина турнирдің ширек финалына жолдама алып, 53 135 АҚШ доллары көлемінде сыйақыға ие болды. Сонымен қатар ол 108 рейтингтік ұпайды да иеленді.

Айта кетейік, биыл Queen’s Club Championships турнирінің жалпы жүлде қоры 1 915 000 долларды құрайды. Турнир жеңімпазы 294 445 доллар және 500 рейтингтік ұпай алады.

Елена Рыбакина бұл турнирдің басты фавориттерінің бірі саналады. Ол жарысқа бірінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелген.

Ал Татьяна Мария – өткен жылғы чемпион. Алайда биыл ол өз титулын қорғай алмады.

Дереккөз: sports.kz