homepage
AMANAT партиясының баспасөз қызметі

“Amanat” пен “Әділет” партиялары бірікпек

12.06.2026, 16:26

“Amanat” пен “Әділет” партиялары бірікпек. Бұл туралы партияның XXVI съезінде мәлімделді, съезд делегаттары бұл бастаманы бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Съезде сөз сөйлеген партия төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың айтуынша, саяси күштердің заман талабына сай өзгеруі маңызды.

«Қазақстан қазір дамудың жаңа жолына түсті. Сондықтан біз осы жауапты кезеңде жаңадан құрылған «Әділет» партиясымен бірігу туралы шешім қабылдадық. Біз өз ұстанымдарымыздан бас тартпаймыз, керісінше, оларды жаңа даму деңгейіне көтереміз», – деді Қошанов.

“Amanat” партиясының өзге өкілдері де қос партияның бірігуі кадрлық әрі саяси әлеуетті біріктіріп, Президент жариялаған реформаларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп санайды.

Еске салсақ, «Әділет» партиясын құру туралы бастама биыл сәуір айында көтерілген болатын. Кейін Әділет министрлігі партияны ресми түрде тіркеді. Саяси ұйымның төрағасы болып Президент әкімшілігінің жетекшісі болған Айбек Дәдебай сайланған.