homepage
nbclosangeles.com

Футболдан әлем чемпионатының қатысушылары қанша табыс табады

12.06.2026, 15:18

2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының қатысушылары тарихтағы ең ірі сыйақы қорын бөліседі. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

FIFA дерегінше, турнирдің жалпы жүлде қоры 727 миллион долларды құрайды.

Бұл қаржының 655 млн доллары жүлде ретінде таратылса, тағы 72 млн доллар командадардың дайындық шығындарын өтеуге бөлінеді.

Әрбір құрама дайындыққа және турнирге қатысқаны үшін кемінде 1,5 млн доллар алады.

Әлем чемпионатына қатысушылар қанша сыйақы алады?

  • Чемпион – 50 млн доллар;
  • Күміс жүлдегер – 33 млн доллар;
  • 3-орын – 29 млн доллар;
  • 4-орын – 27 млн доллар;
  • 5-8-орындар (ширек финалға шыққандар) – 19 млн доллар;
  • 9-16-орындар (1/8 финал қатысушылары) – 15 млн доллар;
  • 17-32-орындар – 11 млн доллар;
  • 33-48-орындар (топтық кезеңнен аса алмағандар) – 9 млн доллар.

Осылайша, әлем чемпионатына қатысатын әрбір құрама кемінде 10,5 млн доллар табыс табады.

Тарихтағы ең табысты жарыстардың бірі болуы мүмкін

FIFA бұл рекордтық жүлде қоры ұлттық футбол қауымдастықтарымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде бекітілгенін атап өтті. Ұйым Солтүстік Америкада өтетін әлем чемпионатынан рекордтық кіріс күтіп отыр.

Сарапшылардың пікірінше, 2026 жылғы мундиаль футбол тарихындағы ең табысты турнирлердің біріне айналуы мүмкін. Себебі алғаш рет әлем чемпионатына 48 құрама қатысып, жарыс барысында 104 матч ойналады.

Айта кетейік, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусымда басталды, сондай-ақ 19 шілдеге дейін созылады. Ашылу матчында турнир қожайындарының бірі Мексика құрамасы Оңтүстік Африканы 2:0 есебімен жеңді. Голдарды Рауль Хименес пен Хулиан Киньонес соқты.

Ал әлем чемпионатының екінші ойынында Оңтүстік Корея құрамасы Чехияны 2:1 есебімен ұтты. Чехтар бірінші болып есеп ашқанымен, кореялықтар екінші таймда камбэк жасап, жеңісті жұлып алды.

Қазір топтық кезең матчтары жалғасып жатыр. Бүгін алаңға турнир қожайындары АҚШ пен Канада да шығады.

Дереккөз: tengrisport.kz