Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында апатқа ұшырап, соның салдарынан 179 адам қаза тапқан Jeju Air ұшағының екі қозғалтқышынан құс қауырсындары мен қан іздері табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Reuters агенттігінің жазуынша, қайғылы оқиғадан төрт минут бұрын ұшқыштардың бірі ұшаққа құстардың соғылғанын хабарлап, бірден төтенше жағдай жариялаған, содан соң ұшақты бұрып, ұшу-қону жолағының қарсы шетіне қонуға әрекеттенген. Сондай-ақ шұғыл түрде қонардан екі минут бұрын диспетчерлер аталған аумақта құстардың тым көп ұша бастағанын ескерткен.
“Оқиға орнынан түсірілген бейнематериалда құстың қозғалтқышқа қалай түскені көрінеді. Тергеушілер қозғалтқыштардың бірінен қауырсындардың табылғанын растады, бірақ Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі олардың екі қозғалтқышта да болған-болмағанын айтудан бас тартты”, - делінген хабарламада.
Тергеуді қиындатқаны – екі қара жәшік те апатқа төрт минут қалғанда жазуды тоқтатқан. Бұрынғы тергеуші Сим Джай-Дон, сол сәтте барлық қуат көзі, соның ішінде резервтік қуат сөніп қалған болуы мүмкін, дегенмен мұндай жағдай сирек кездеседі деді.
Екі қозғалтқыштың да істен шығуына әкеп соғатын құпен соқтығысу дерегі авиацияда өте сирек кездеседі, дегенмен ұшқыштардың 2009 жылы АҚШ-тағы Гудзон өзеніне қонғанын ескергенде, мұндай жағдайларда ұшақты еш өлімсіз сәтті қондырған жағдайлары болған.
Еске салайық, 2024 жылдың 29 желтоқсанында Бангкоктан Муан округіне ұшқан Boeing 737-800 ұшағы апатты түрде жерге қонып, артынша қатты жылдамдықпен ұшу-қону жолағына тоқтамаған қалпы дуалға барып соғылып, бірден өртеніп кеткен болатын. Апаттан ұшақтың құйрық бөлігінде болған екі экипаж мүшесі ғана аман қалды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.