homepage
ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Алматы базарынан 13 мыңнан астам заңсыз жұмыртқа тәркіленді

11.06.2026, 10:51

Алматыдағы «Барыс-IV» базарында жүргізілген рейд барысында ветеринариялық құжаттары жоқ, таңбаланбаған және арнайы қаптамасыз сатылған 13 680 дана тауық жұмыртқасы анықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тексеруді Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті және Қазақстан құс өсірушілер одағы бірлесіп жүргізді.

Заңбұзушылыққа жол берген тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 1,3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Тәркіленген өнімдер санитариялық талаптарға сәйкес 10 маусымда қалалық мал қорымындағы арнайы орында биотермиялық әдіспен жойылды.

Рейдтен кейін сауда ұйымдарына ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау және заңсыз әкелінген өнімдерді сатуға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.