Tengrinews басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, әскер жасындағы 120 мың қазақстандық әскери қызметке жарамды және әскерге шақырылуға жатады.
“Әскерге шақыру жасындағы қалған 611 мың адам әртүрлі себептер бойынша: оқуына, отбасылық жағдайына, денсаулығына және басқа да себептерге байланысты мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған”, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі редакцияның сауалына.
Әскерге шақырылуға дейінгі жастағы жасөспірімдерге және 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмекті медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтерді жеткізуші болып саналатын денсаулық сақтау ұйымдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қамқорлық көрсетеді.
Медициналық ұйымдар балалар мен жасөспірімдердің профилактикасын, ерте диагностикасын, емдеуін, медициналық көмектің барлық кезеңдерінде сабақтастықты қамтамасыз етеді.
«Денсаулығын жақсарту, ауруларды уақтылы анықтау және емдеу мақсатында 0 жастан 17 жасқа дейінгі балалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Қағидаларын, көлемін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес міндетті профилактикалық медициналық тексеруден өтеді», - деп хабарлады ведомстводан.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.