Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасынан көкшетаулық «Елім-ай» клубының ойыншысы әрі балалар жаттықтырушысы Илья Буртовой қаза тапты.
Полицияның мәліметінше, апат 6 маусым күні Абай – Қарағанды тасжолында болған. «Chevrolet Cobalt» көлігінің 21 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Opel Vectra» автокөлігімен соқтығысқан.
Салдарынан бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ауыр жағдайда ауруханаға түскен 29 жастағы Илья Буртовойдың өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады.
Илья Буртовой футболдағы еңбек жолын 2015 жылы бастаған. Әр жылдары түрлі клубтарда өнер көрсетіп, әуесқойлар арасындағы шағын футболдан әлем чемпионатына қатысқан. 2025 жылы Көкшетаудың «Елімай» командасы сапында Қазақстан Кубогы мен Бірінші лигада ойнады.