homepage
фото: ашық дереккөзден

Пашинянның партиясы жеңіске жетті

08.06.2026, 12:03

Арменияда өткен парламенттік сайлауда елдің қазіргі премьер-министрі Никол Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясы жеңіске жетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, дауыс беруге сайлаушылардың шамамен 59 пайызы қатысқан. Бұл – 1,5 миллионға жуық азаматтың саяси таңдау жасағанын білдіреді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Никол Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясы 50 пайыздан астам дауыс жинап, парламенттегі басым күшін сақтап қалды. Ресеймен жақын қарым-қатынасты қолдайтын, кәсіпкер Самвел Карапетян жетекшілік еткен «Қуатты Армения» альянсы шамамен 23 пайыз дауыс алып, екінші орынға тұрақтады. Ал экс-президент Роберт Кочарянның «Армения» блогы 9 пайыздан астам қолдауға ие болды.

Никол Пашинянның сайлау нәтижесін «тарихи жеңіс» деп бағалады. Сонымен қатар ол Батыспен ықпалдастықты күшейте түсетінін мәлімдеді. Соған қарамастан, Армения ЕАЭО аясындағы міндеттемелерін орындап, Ресеймен серіктестестікті жалғастыра бермек. 

Сайлау қорытындысы жарияланғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Пашинянды жеңісімен құттықтап, арнайы жеделхат жолдады. Тоқаев оған Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметінде табысқа жете беруіне тілектестік білдірген. 

Саясаткер осыдан бір апта бұрын 51 жасқа толды. Мамандығы – журналист.  Ол қазір өзі жетекшілік ететін «Азаматтық келісім» партиясын 2015 жылы құрды. 2018 жылы 8 мамырда Армения парламенті Никол Пашинянды елдің премьер-министрі етіп сайлады.