Өскемен қаласындағы сауда нысандарының бірінің кіреберіс баспалдағы алдында әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Yknews.kz жазуынша, қайғылы оқиға Жаңа Согра шағынауданындағы Шаяхметов көшесінде болған.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабар құқық қорғау органдарына жедел жәрдем қызметкерлерінен түскен.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді», – деп хабарлады ведомство.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.