Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін жариялады. Жаңа есептеу әдістемесіне сәйкес, көрсеткіштер азаматтардың жасына қарай 79 пайыздан астам өсіп отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Енді зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге пайдалану үшін шоттағы қаражат белгіленген шектен жоғары болуы қажет.
Мысалы, жаңа талап бойынша:
Егер жинақ көлемі осы сомадан төмен болса, қаржының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану мүмкін болмайды.
Жаңа әдістеме қалай есептеледі?
Бұрын ТЖШ бірнеше әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізінде анықталса, енді есептеу халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізіледі. Формула азаматтың жасы, зейнетке шығуына дейінгі мерзім, өмір сүру ұзақтығы, инвестициялық табыс және болашақ зейнетақы төлемдерінің көлемі сияқты факторларды ескереді.
БЖЗҚ мәліметінше, бұл тәсіл болашақтағы зейнетақы төлемдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа жүйе бойынша азаматтардың зейнетке шыққаннан кейінгі төлемдері бұрынғы әдістемедегі шамамен 15 пайыздың орнына медиандық жалақының 40 пайызына дейін жетуі мүмкін.
Жинақты пайдалану құқығы сақталады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұрғын үй сатып алу, ипотеканы өтеу немесе емделу мақсатында зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігі сақталатынын атап өтті.
Сонымен қатар зейнетақысы бұрынғы табысының кемінде 40 пайызын құрайтын азаматтар жинақтарының 50 пайызына дейін пайдалана алады. Ал зейнетақы аннуитетін рәсімдегендер мен еңбек сіңірген жылдары үшін арнайы төлем алатын азаматтарға шоттағы қаражатты толық пайдалануға мүмкіндік беріледі.
Мамандардың айтуынша, жаңа өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың зейнет жасына жеткенде жеткілікті көлемде зейнетақы алуын қамтамасыз ету және жинақтардың ерте таусылып қалу қаупін азайту.