Алматы қаласының Наурызбай ауданында тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, 1988 жылы туған әйел бесінші қабаттың терезесінен құлап, оқиға орнында көз жұмған.
Оқиға түн ортасына таяу уақытта болған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері әйелдің қайтыс болғанын растады.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Белгілі болғандай, марқұм осы тұрғын үй кешенінде тұрған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, соңғы уақытта ол жеке басына қатысты жағдайларға байланысты ауыр эмоционалдық күйде болған.
“Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – дедң ПД өкілдері.