homepage
Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі

Павлодар облысында көлік аударылып, жасөспірім қаза болды

05.06.2026, 09:48

Павлодар облысының Баянауыл ауданында болған жол-көлік оқиғасынан кәмелетке толмаған жолаушы қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Торайғыр ауылының маңында болған.

Алдын ала дерек бойынша, Lada-21214 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, автокөлік жол жиегіндегі арыққа аударылған.

“Апат салдарынан көлікте болған кәмелетке толмаған жолаушы ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмды”, – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Полиция аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады. Қазіргі уақытта көлік арнайы айып тұрағына қойылып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және көліктің техникалық жағдайын тұрақты бақылап отыруға кеңес берді.

Тергеу нәтижесінде жол апатының нақты себептері мен мән-жайы белгілі болады.