Отандасымыз Бибісара Асаубаева шахматтан өткен Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын 1-орын алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласында (Норвегия), Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті.
Жарысқа 4 елден (Қазақстан, Қытай, Үндістан және Украина) жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты.
Бибісараның қарсыластары:
Бұл турнир Бибісара үшін дебют (алғашқы) болды. Соған қарамастан, ол турнир тарихындағы ең жас қатысушы болып отыр.
Турнир форматы бойынша жарыс екі айналымды жүйеде өтті, яғни әр ойыншы бір-бірімен екі реттен ойнады.
Классикалық партияда тең түскен жағдайда, жеңімпаз «Армагеддон» (міндетті түрде жеңімпазды анықтайтын ерекше ереже бойынша өтетін шешуші партия) арқылы анықталды.