homepage

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігінен алынған жазба: Көлік министрлігі жауап берді

Juzmedia. kz
Бүгін, 14:31

ҚР Көлік министрлігі Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзербайжандық ұшақ ұшқыштарының соңғы сөздері жазылған қара жәшік жазбасы туралы кейбір БАҚ бетінде жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды  

МИНИСТРЛІК ҚАНДАЙ ЖАУАП АЙТТЫ?

Ведомствоның хабарлауынша, Көлік министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы комиссиясының жұмысы жалғасып жатыр.

“Алдын ала есеп жарияланғанға дейін Комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді”, - делінген хабарламада.

Министрлік атап өткендей, комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады.

ЖЕЛІДЕ ҚАНДАЙ ЖАЗБА ТАРАҒАН?

Айта кетейік, 15 қаңтарда Baza ресейлік Telegram-арнасы апатқа ұшыраған AZAL ұшағының ұшқыштары мен авиадиспетчерлер арасындағы әңгімеленің толық нұсқасын жариялаған болатын. Яғни, ұшақтың Грозныйға қонбауы, Махачкалаға ұшпай, Бакуге қайтып оралу, бірақ артынша Ақтауға ұшу туралы барлық шешімді “Әзірбайжан әуе жолдары” экипажы өз бетінше қабылдағаны айтылады.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған “Әзербайжан әуе жолдарының” Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта 67 адам болған, оның 38-і қаза тауып, 29-ы аман қалды. Қаза тапқандардың арасында 6 қазақстандық бар.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.