Үкіметте балалы отбасыларды қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып қала беретіні туралы айтылды. Яғни, бала дүниеге келген сәттен бастап оны тәрбиелеу кезеңдерінде түрлі әлеуметтік төлем мен жәрдемақылар қарастырылған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Үкімет мәліметінше, бүгінде отбасыларға арналған негізгі қолдау шараларының қатарында бала тууға берілетін біржолғы жәрдемақы, бала күтіміне байланысты төлемдер, көпбалалы отбасылар мен ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсетілетін көмектер бар:
Сонымен қатар мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар ай сайын 81 871 теңге көлемінде жәрдемақы алады.
Көпбалалы отбасыларға табыс деңгейіне қарамастан ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Сонымен қатар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері де қосымша мемлекеттік қолдауға ие.
Қазіргі таңда елімізде тек көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 630 мыңнан астам отбасы алып отыр. Бұл аталған қолдау түрінің әлеуметтік саладағы ең ауқымды бағдарламалардың бірі екенін көрсетеді.