Маңғыстау облысында 12 жастағы бала әткеншек теуіп жүріп қайтыс болды. Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылында болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала үй ауласында орнатылған қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүріп, ауыр жарақат алған.
Halyqstan телеарнасының мәліметінше, оқиға жеке тұрғын үйдің ауласында болған. Баланы алғаш болып басқа бір жасөспірім байқап қалған.
Оқиға орнына жедел түрде жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері шақырылған. Алайда дәрігерлер жасөспірімнің өмірін сақтап қала алмады.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің алдын ала деректеріне сәйкес, бала үй ауласындағы қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүрген кезде ауыр жарақат алған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.