homepage
United World Wrestling

Қазақстан күрестен Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды

02.06.2026, 11:54

Қазақстан күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Еркін күрестен:

  • Әділет Рысбай (71 келіге дейін) жарыс жеңімпазы атанды.
  • Мардан Орынбасаров (60 келіге дейін) күмістен алқа тақты.
  • Ал Сабыржан Рахатов (51 келіге дейін), Темірғали Мұрат (55 келіге дейін), Әділбек Ерболатов (80 келіге дейін), Нұрислам Айтуған (92 келіге дейін) қола медальға ие болады.

Грек-рим күресінен:

  • Қуанышбек Жаңажол (51 келіге дейін), Мирас Махамбет (65 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.
  • Арыстан Темерғали (110 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.
  • Әли Алмас (45 келіге дейін), Датқа Лесбек (48 келіге дейін) үшінші орын алды.

Әйелдер күресінен:

  • Інжу Баққожа (46 келіге дейін), Арайлым Көпжасар (53 келіге дейін) күміс медальға ие болды.
  • Аянат Мейнамбай (49 келіге дейін) қола жүлде жеңіп алды.