Қазақстан күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Еркін күрестен:
- Әділет Рысбай (71 келіге дейін) жарыс жеңімпазы атанды.
- Мардан Орынбасаров (60 келіге дейін) күмістен алқа тақты.
- Ал Сабыржан Рахатов (51 келіге дейін), Темірғали Мұрат (55 келіге дейін), Әділбек Ерболатов (80 келіге дейін), Нұрислам Айтуған (92 келіге дейін) қола медальға ие болады.
Грек-рим күресінен:
- Қуанышбек Жаңажол (51 келіге дейін), Мирас Махамбет (65 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.
- Арыстан Темерғали (110 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.
- Әли Алмас (45 келіге дейін), Датқа Лесбек (48 келіге дейін) үшінші орын алды.
Әйелдер күресінен:
- Інжу Баққожа (46 келіге дейін), Арайлым Көпжасар (53 келіге дейін) күміс медальға ие болды.
- Аянат Мейнамбай (49 келіге дейін) қола жүлде жеңіп алды.