homepage
Depositphotos.com

ШҚО-да жоғары лауазымды судья пара алды деген күдікпен ұсталды

02.06.2026, 09:34

Жоғарғы соттың мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаменті мен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімі бірлескен операция барысында облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасын ұстаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, судья мүдделі тараптың пайдасына оң шешім шығару үшін аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.

"24KZ" мәліметінше, тергеу нұсқаларының біріне сәйкес, әңгіме 40 миллион теңге көлеміндегі пара туралы болып отыр. Бұл қаражат бас бостандығынан айырумен байланысты емес үкім шығару үшін берілген болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.