homepage
фото: ERG.KZ

35 жастағы Кудрат Шамиев ERG Kazakhstan басшысы атанды

Бүгін, 19:27

ERG Kazakhstan жаңа басшын тағайындады. Компанияның қазақстандық бөлімшесінің бас директоры қызметіне 35 жастағы Кудрат Шамиев келді, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Шамиевтің халықаралық және қазақстандық компанияларда 12 жылдан астам басқарушылық тәжірибесі бар. Әр жылдары “Hikmet Travel SDN Berhad” (Малайзия), “Altau Group”, “Mangosteen Development” және “Найза-Құрылыс” компанияларында жетекшілік қызмет атқарған.

Шамиевтің аты кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліппен байланыстырылады. Себебі, Мүтәліп иелік ететін “Integra Construction KZ”компаниясында Шамиев бақылау кеңесін басқарады. Айта кетейік, жуырда Шахмұрат Мүтәліптің құрылымдары ERG-дегі 39,3% үлесті сатып алғаны хабарланған. 

Eurasian Resources Group — штаб-пәтері Люксембургте орналасқан, табиғи ресурстар саласындағы әлемдегі ең ірі әртараптандырылған холдингтердің бірі. Компания 16 елде жұмыс істейді, 80 мыңнан астам қызметкері мен мердігері бар. ERG феррохром мен кобальт өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында, сондай-ақ мыс пен темір кенінің ірі жеткізушісі саналады. Қазақстанда компанияның 40 пайызы мемлекетке тиесілі, бұл үлесті Қаржы министрлігі иеленеді. 

Теги: