homepage

Алматы облысында жоғары лауазымды бірнеше шенді қызметінен босатылды

Juzmedia. kz
19.10.2024, 12:20

Министр Алматы облысы полиция департаментінің басшы құрамымен биылғы жылдың тоғыз айындағы жедел қызметтің қорытындысы бойынша жиын өткізді, деп мәлімдеді ІІМ.

Ведомство басшысының бұйрығымен:

  • ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров; 
  • Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Күнтүнов;
  • ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ұлан Байтақов; 
  • ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов; 
  • ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр және оның орынбасары Жанат Омаров лауазымдарынан босатылды.

Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр өңірдегі құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сәденов Талғар ауданында кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқан жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Бұл бойынша нақты тапсырмалар берілді.

4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапқан болатын. Сол жағдайдан кейін жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 7 адам ұсталды. 

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.