homepage
фото: Instagram.com/adiletkhan

Әділетхан Молдахан кінәсін толық мойындады

Бүгін, 15:42

Алматыда заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот басталды. Молдахан сотта өзіне тағылып отырған айыпты толық мойындады, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Заңгерге ҚР Қылмыстық Кодексi 274-бабы бойынша (Көрінеу жалған ақпарат тарату) айып тағылып отыр. Жәбірленуші Алматы қаласының бұрынғы Полиция департаментінің басшысының орынбасары Ержан Ұзабаев пен Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының басшысы болған Серік Шұмаев.  

Молдаханның қорғаушылары оны үйқамаққа шығару туралы өтініші бергенмен сот оны қанағаттандырған жоқ. Ал, Ұзабаевтың  адвокаты 10 млн моралдық өтемақы және 1 млн сот шығындарына талап арыз берген. Адвокаттың ойынша, тағылған айып бойынша Әділетхан Молдаханның кінәсі дәлелденсе, ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе 3000 АЕК айыппұл салынуы мүмкін. 

Еске сала өтсек, Әділетхан Молдахан Әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік апатының төңірегінде резонастық мәлімдемелер жасаған еді. Ол апатқа кінәлілер шенеуніктердің балалары және түнгі жарыстарға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін екендігін айтқан. Осыдан кейін Алматы қалалық Полиция департаменті блогерді (Көрінеу жалған ақпарат тарату) деген күдікпен наурыз айының соңында уақытша ұстау изоляторына қамаған еді.