homepage
фото: olympic.kz

Шайдоровтың шарты: спортшы мен министрлік мәмілеге келді

Бүгін, 14:22

Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылға арналған жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Шайдоровтың жаңа шарты тараптардың толық келісімі негізінде жасалған.

«Жаңа келісімшарт төңірегіндегі дау-дамай аяқталды. Құжат заң шеңберінде дайындалды, барлық шарттар тараптардың келісімімен бекітілді. Келісімге қол қойылған соң, қажетті төлемдерді ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті», – деді Жарасбаев.

Министрлік өкілдері жақын арада чемпионмен кездесіп, алдағы олимпиадалық циклға дайындық және еліміздегі мәнерлеп сырғанау спортын дамыту мәселелерін талқыламақ. 

Михаил Шайдоров пен оның командасы 5 маусымда АҚШ-қа аттанбақ. ол жақта жаңа маусымға дайындықты жалғастырады.

«Михаил қазақстандық спорттың аңызы. Министрлік оны толық қолдайды, барлық бастамаларына сәттілік тілейміз», – деп түйіндеді Серік Жарасбаев.

Министрлік пен спортшы арасындағы жанжал қыза түскен тұста, ресейлік ақпараттық ресурстар Шайдаровқа «Ресейге кел» деген астарлы сигнал беріп, қазақстандық спорт шенеуніктерін чемпионға қысым жасады деп айыптауға көшкен.