homepage
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионға жетті

Бүгін, 14:16

Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы балалар саны 6,9 миллионға жетті. Бұл – жалпы республика халқының 33,6 пайызы деген сөз. 

Балалардың басым бөлігі, яғни 62,3 пайызы қалада өмір сүрсе, 37,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Гендерлік көрсеткіш бойынша ұл балалардың үлесі – 51,4 пайыз, ал қыз балалар – 48,6 пайыз.

Өңірлер арасында балалар саны ең көп тіркелген аймақ – Түркістан облысы. Мұнда 910,4 мың бала бар. Екінші орында – Алматы қаласы. Мегаполисте 688,9 мың бала тұрады. Ал, Алматы облысында балалар саны 572,3 мыңға жеткен.

Соңғы бес жыл ішінде Қазақстандағы балалар саны 4,4 пайызға өскен. Сонымен қатар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында балаларға 2,3 млрд доллар бөлінген.